Сондай-ақ, кешкі астан кейін тостағанды да алып: «Мына тостаған — төгілмек қаныммен бекітілетін Жаңа Келісім. Одан ішкен сайын Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер!» — деді. Сендер осылай нан жеп, тостағаннан ішкен сайын, Иеміз қайтып келгенше, Оның құрбандық өлімін жариялай бересіңдер.