YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 11

11
Елазардың ауырып, қайтыс болуы
1Сол кезде Елазар деген бетаниялық кісі қатты ауырып жатты. Бұл ауылда Мәриям мен оның әпкесі Марта да тұратын.#11:1 12:1; Мат 21:17; Лұқ 10:38-39. 2Кейінірек Иеміздің аяғына иісмай жағып, шашымен құрғатқан осы Мәриям еді.#11:2 12:3; Мар 14:3. Қазір оның бауыры Елазар қатты науқастанып жатты. 3Сонда апалы-сіңлілі екеуі: «Мырза, Сіз жақсы көретін кісі ауырып жатыр», — деп Исаға Елазар туралы хабар жіберді.
4Иса мұны естігенде: «Бұл аурудың соңы өлімге соқтырмайды, қайта, Құдайды ұлылыққа бөлеуге септігін тигізеді: ол арқылы Құдайдың рухани Ұлының құдіретті ұлылығы көрінеді», — деді. 5Иса Мартаны, оның сіңлісі мен Елазарды жақсы көруші еді. 6Бірақ Ол Елазардың науқастанып жатқанын естісе де, сол кезде болған жерінде тағы да екі күнге қалып қойды.
7Бұдан кейін Иса шәкірттеріне:
— Яһудея аймағына қайта барайық! — деді. 8Олар:
— Ұстаз, яһуди діндарлары күні кеше ғана Сізді тас лақтырып өлтіргісі келмеп пе еді?#11:8 8:59; 10:31. Шынымен тағы сол жаққа бармақсыз ба? — деп сұрады. 9Иса:
— Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Адам жолмен күндіз жүрсе, сүрінбейді, өйткені ол бұл дүниенің жарығын көреді.#11:9 Яки: бұл дүниенің Нұрын көреді. (Сенушілер Құдай белгілеген уақытты дұрыс пайдаланып Оның еркіне сай өмір сүрсе, өз қызметтерін Оның қорғауымен атқара алады: 3:19-21; 9:4-5; 12:35.) 10Ал егер түнекте жүрсе, сүрінеді, себебі онда жарық жоқ,#11:10 1:5; 3:19; 12:35; Жох1 2:10-11. — деп астарлап жауап берді.
11Мұнан кейін Иса сөзін жалғастырып:
— Досымыз Елазар ұйықтап жатыр. Мен барып, оны оятайын, — деді. 12Шәкірттері:
— Мырза, ұйықтағаны жақсы, сонда сауығады! — деді. 13Иса астарлап сөйлеп, Елазардың өлгенін айтқан еді, ал олар кәдімгі ұйқыны айтып тұр деп ойлап қалды. 14Сонда Иса жасырмай:
— Елазар өлді, — деді. 15— Бірақ Өзімнің сол жерде болып, оны сауықтырмағаныма сендер үшін қуанамын; осылай берік сенімге жетесіңдер. Енді Елазарға барайық!
16Сыңарлас деп аталатын Тома#11:16 14:5; 20:24-28; 21:2; Лұқ 6:15. басқа шәкірттерге: «Біз де барып, Онымен бірге өлейік», — деді.
Елазардың қайта тірілуі — Мәсіхтің құдіретінің белгісі
17Иса Бетания ауылына жеткенде, Елазардың өліп, қабірге қойылғанына төрт күн болғанын естіді. 18Бетанияның Иерусалимнен қашықтығы үш-ақ шақырымдай болғандықтан, 19қаладан көптеген яһудилер Мәриям мен Мартаға көңіл айтуға келген екен. 20Исаның келе жатқанын естіген Марта алдынан шықты; Мәриям үйде отыра берді. 21Марта Исаға:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді! 22Бірақ қазір де Құдайдан не сұрасаңыз да, оны Сізге беретінін білемін, — деді.
23— Бауырың қайта тіріледі, — деп жауап берді Иса. 24Сонда Марта:
— Ақырғы күнгі қайта тірілуде#11:24 Яки: Қиямет күні (5:28-29; 6:39-40; Лұқ 14:14; 20:36; Дан 12:2). оның да тірілетінін білемін, — деді. 25Ал Иса оған:
— Қайта тірілу мен шынайы өмір#11:25 Яки: қайта тірілу мен шынайы өмірді сыйлайтын. — Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. 26Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді.#11:26 Яки: тозаққа түспейді (3:16; 8:51). Бұған сенесің бе? — деді. 27Марта:
— Иә, Ием, Сіздің пайғамбарлар дүниеге келеді деп алдын ала айтқан Мәсіх — Құдайдың рухани Ұлы#11:27 20:31; Мат 16:16; 26:63; Мар 1:1; Мар 4:41. екеніңізге сенемін, — деп жауап берді.
28Осыны айтқан соң Марта барып, басқаларға білдірмей Мәриямға: «Ұстаз осында, сені шақырып жатыр», — деді. 29Мәриям мұны естісімен асығыс тұрып, Оған қарсы жүрді. 30Ал Иса әлі де ауылға кірмей, Мартаға кездескен жерінде болатын. 31Мәриямның қасында көңіл айтып отырған яһудилер оның асығыс тұрып, сыртқа шығып кеткенін көргенде соңынан ере шығып: «Қабірдің басына барып жоқтау айтатын шығар», — деп ойлады.
32Мәриям Иса тұрған жерге келіп, аяғына жығыла:
— Ием, Сіз осында болсаңыз, бауырым өлмес еді!#11:32 11:21,37. — деді. 33Мәриямның және оған ерген яһудилердің қайғырып жылағандарын көргенде, Иса іштей қатты қобалжып, қайғырып, толқып кетті.#11:33 Яки: ашуланып толқып кетті. (Иеміз дүниеге күнә мен өлім әкелген шайтанның арам күшіне қаһарланды: 10:38; 12:27.) 34Олардан:
— Оны қай қабірге қойдыңдар? — деп сұрады.
— Иеміз, барып көріңіз, — деді олар. 35Иса көзіне жас алды. 36Яһудилер:
— Қараңдар, Ол Елазарды қалай жақсы көрген! — деді. 37Ал араларындағы кейбіреулері:
— Соқырдың көзін ашқан Ол оны да ажалдан арашалап алып қала алмас па еді?#11:37 9:6; 11:21,32. — деді.
38Иса тағы да қатты қобалжып, қабірдің басына барды. Қабір — аузы (дөңгелек дәу) қақпақ таспен жабылған үңгір екен.#11:38 20:1; Мат 27:60; Мар 15:46; Лұқ 24:2. 39Иса:
— Тасты алып тастаңдар! — деп бұйырды. Бірақ марқұмның әпкесі Марта:
— Ием, ол иістеніп барады, жатқанына төрт күн болды! — деп қарсылық білдірді.
40— Егер Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің деп саған айтпап па едім? — деді Иса.
41Сонда олар қақпақ тасты үңгір аузынан домалатып алып тастады. Иса көзін көкке қадап:
— Әке, тілегімді қабыл алғаның үшін Саған ризамын! 42Тілегімді әрқашан қабыл алатыныңды білемін. Алайда айналамда тұрған жұрт Мені Өзіңнің жібергеніңе сенсін деп мұны айтып тұрмын, — деп мінажат етті. 43Осылай дегеннен кейін: — Елазар, шық! — деп қатты дауыспен бұйырды.
44Сонда марқұм болған адам қабірден шықты! Оның аяқ-қолы кебінге оралып, бет-аузы да орамалмен байланған еді. Иса қасындағыларға:
— Кебінін шешіп жіберіңдер, жүре берсін! — деп тапсырды.
Жоғарғы кеңестің Исаны өлтіру туралы шешімі
45Мәриямға келген яһудилердің көбі Исаның керемет ісін көріп, Оған сенді. 46Бірақ кейбіреулері парызшылдарға барып, Исаның не істегенін айтып берді. 47Сонда басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Жоғарғы кеңестің мәжілісін шақырып:
— Біз не істесек екен? Мына Кісі көптеген кереметтер жасап жүр. 48Оны осылай қалдырсақ, бәрі Соған сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, киелі үйіміз бен ұлтымызды біздің қолымыздан тартып алып жүрер!#11:48 Дінбасылар Иса Өзіне сенген халыққа патша болмақ, сонда римдік әмірші ашуланып, қала мен елдің билігін толықтай өз қолына алып қояды деп қауіптенді. Исаның шынайы ниетін және Оның Құдайдан жіберілгенін түсінбеген олар өз бастарының мүддесін ғана ойлады (12:9-11; 15:22-25; 18:33-38). — десті.
49Олардың біреуі, сол жылы бас діни қызметкер болған Қаяфа, тіл қатып:
— Сендер түк білмейсіңдер ме? 50Бүкіл ұлтымыздың құрып кетуінен гөрі, бізге халық үшін бір Адамның өлгенінің жақсы екенін ойламайсыңдар ма? — деді. 51Бұл сөзді ол өздігінен айтқан жоқ, қайта, сол жылы бас діни қызметкер болғандықтан: «Иса халқымыз үшін өлуге тиіс» деп алдағы оқиғаны білдірді.#11:51 Яки: деп (пайғамбар іспетті) Құдайдың хабарын жеткізді (18:13; Мат 7:22-23). 52Ал Иса Исраил халқы үшін ғана емес, сондай-ақ жер жүзіне таралған басқа халықтардың енді Құдайдың рухани балалары болулары үшін де өлуге тиісті болды. Ондағы мақсаты — екі жақты жинап, біріктіру еді.#11:52 10:16.
53Сол күннен бастап олар Исаны өлтіру туралы берік байламға келді. 54Сондықтан Иса бұдан былай яһудилердің арасында ашық жүрмей, айдалаға жақын жердегі Ефраим атты қалашыққа кетіп, сонда шәкірттерімен бірге болды.
55Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Бүкіл елден көптеген кісілер мейрам алдындағы діни тазару салтын орындау үшін Иерусалимге өрлеп бара жатты. 56Олар Исаны іздестіріп жүрді. Қалаға жеткеннен кейін: «Ол мейрамға осында келмейтін шығар, қалай ойлайсыңдар?» — деп ғибадатханада әңгімелесіп тұрды. 57Себебі басты діни қызметкерлер және парызшылдар: «Оның қайда жүргенін көрген біреу болса, тұтқындау үшін бізге хабар берсін!» — деп жарлық шығарып қойған еді.

Currently Selected:

Жохан 11: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

YouVersion uses cookies to personalize your experience. By using our website, you accept our use of cookies as described in our Privacy Policy