Тімотеге 2-хат 4
4
1Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін: 2Құдайдың сөзін#4:2 Яки: Құдайдың хабарын (2:9; 4:5). уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер! 3Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады. 4Осылай олар шындыққа құлақ салмай, бос аңыздарға назар аудармақ. 5Ал сен әрдайым қырағы, азапқа төзімді бол! Ізгі хабарды уағыздаушының міндетін атқарып, қызметіңді орындай бер!
6Менің қаным төгіліп құрбан болып, бұ дүниеден аттанатын кезім таяп қалды.#4:6 2:9; Флп 1:23; 2:17. 7Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім»,#4:7 Яки: жүгіріп, Құдайдың алдыма қойған мақсатына жеттім (Тім1 1:18; Елш 20:24; Қор1 9:24). сенімімді сақтап қалдым. 8Енді мені «жеңімпаздың жүлдесі» — «әділдіктің тәжі» күтіп тұр, оны маған сол күні әділ Төреші — Иеміз бермек. Ол тек маған ғана емес, Оның қайта оралып, анық көрінуін сүйіспеншілікпен күткендердің бәріне де сол «жүлдені» сыйлайды.
Жеке ақыл-кеңес пен өтініштер
9Маған тезірек келуге тырыс. 10Себебі Димас осы күнәкар дүниені жақсы көріп, мені тастап, Салониқа қаласына кетті. Кіріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға аттанды. 11Жалғыз Лұқа ғана қасымда. Марқаны тауып бірге ала кел, өйткені ол қызметіме пайдалы болмақ. 12Түхікті Ефеске жібердім. 13Троадада Қарпостың үйіне тастап кеткен шапанымды, сондай-ақ, шиыршық кітаптарымды да ала кел, әсіресе, жарғаққа жазылғандарын.#4:13 (Лұқ 4:17) Яки: шиыршық жазбаларымды ала кел, әсіресе, пергаментке (иленген бұзау терісіне) жазылғандарын.
14Мыс шебері Ескендір маған көп жамандық жасады. Иеміздің Өзі оған істегендеріне лайықтысын қайтарар. 15Ескендір айтқандарымызға тым қарсы шықты, сен де одан сақтанып жүр.
16Алғашқы тергеліп, жауапталған кезімде қасымда жақтаған ешкім болмады, қайта, бәрі мені тастап кетті. Құдай олардың мұнысын мойындарына артпай-ақ қойсын! 17Алайда Иеміз маған жар болып, әр ұлттық адамдардың естуі үшін Ізгі хабарды толықтай жариялауға күш-қуат беріп, мені арыстанның аранынан құтқарғандай, өлімнен аман алып қалды. 18Иеміз мені болашақта да жамандық атаулыдан#4:18 Яки: болашақта да өз сенімімнен бас тартып, күнә жасаудан. сақтап, Өзінің көктегі Патшалығына апармақ. Оның ұлылығы мәңгі мадақтала берсін! Аумин.
Соңғы сәлемдер және ақ бата
19Прискила#4:19 Яки: Приска (Прискила есімінің қысқартылған түрі) (Елш 18:2,26; Рим 16:3-4). мен Ақилаға, сондай-ақ Онисыфордың үй ішіне сәлем айт. 20Ераст Қорынт қаласында қалды, Трофимды ауырғандықтан Мілит қаласында қалдырдым. 21Қыс түспей келуге тырыс. Еубұл, Пұд, Лин, Клаудия және барлық басқа бауырластарымыз саған сәлем жолдап жатыр. 22Жаратқан Ие жар болып, рухыңды жігерлендіре көрсін, Оның рақымы бәріңе де жауа берсін! (Аумин.)
Currently Selected:
Тімотеге 2-хат 4: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.