YouVersion Logo
Search Icon

Тімотеге 1-хат 5

5
1Жасы үлкен адамды сөкпе, қайта, өз әкеңе айтқандай ілтипатпен ескерт. Жас жігіттерге — туған бауырыңа, 2егде әйелдерге — анаңа, ал қыз-келіншектерге — әпке-қарындасыңа қарағандай қарап, пәк таза болып жүр.
Жесірлердің қамқорлыққа алынып, қауымға қызмет көрсетулері
3Шынымен мұқтаж жесір әйелдерді құрметте. 4Егер жесірдің балалары не немерелері болса, онда бұлар алдымен өз отбасын қадірлеп, әке-шешелері мен ата-әжелерінің алдындағы борыштарын өтеп, өз сенімдерін іс жүзінде көрсетуді үйренсін. Өйткені бұл Құдайға ұнайды.#5:4 5:16. 5Ал шынымен мұқтаж, жалғыз басты жесірлер бар үмітін Құдайға артып, күні-түні Оған сиынып мінажат етеді.
6Алайда тіршіліктің ләззатын ғана ойлайтын жесір әйел — тірі өлік. 7Қауымның кінәратсыз болуы үшін осыларды насихаттап үйрет! 8Туысқандарының, әсіресе үй ішінің, қамын ойламайтын адам сенімінен бас тартқан, ол тіпті Құдайға сенбейтіннен де жаман.
9Жасы алпыстан асқан, күйеулеріне адал болған#5:9 Немесе: бір-ақ рет күйеуге шыққан. жесірлер ғана таңдалып, арнайы тізімге тіркелсін. 10Олардың жасаған игі істері белгілі болулары керек, мысалы, балаларын тәрбиелеуі, қонақжайлылық танытуы, Құдайдың адамдарына қарапайым қызмет көрсетуі,#5:10 Немесе: қасиеттілердің аяқтарын жууы (Жох 13:1,4-5). бейшараларға көмектесуі, игілікті іс атаулының бәріне де өздерін арнауы.
11Жастай жесір қалған әйелдерді бұл тізімге қабылдама. Олар тәндік құмарлықтарының жетегіне еріп, Мәсіхке берілгендігінен безсе, күйеуге шыққылары келеді. 12Осылай олар алдыңғы уәделерін#5:12 Яғни өздерінің қайтадан күйеуге шықпаймын, тек Мәсіхке қызмет ететін боламын деген уәделерін (5:14; Қор1 7:29-35; Лұқ 2:36-38; Елш 9:36,39). бұзып, айыпталуға душар болады. 13Мұнан басқа, өздері жұмыс жасамайтындықтан, уақытты бос өткізіп, үй-үйді аралауды әдетке айналдырады. Олар еріншек болып қана қоймай, мылжыңмен әуестеніп, өзгенің жұмыстарына араласып, сөз қылуға болмайтын нәрселерді айтатын болады. 14Сондықтан мен жас жесірлердің күйеуге шығып, балалы болып, үй шаруасын басқаруларын қалаймын. Солай олар дұшпанымыздың жамандауына жол бермеуге тиіс. 15Кейбіреулері дұрыс жолдан тайып, шайтанның жетегіне еріп кетті ғой. 16Егер сенуші (ер адамның не) әйелдің отбасында жесірлері болса, соларды қауымның иығына артып қоймай, өзі көмектессін. Сонда қауым шынымен мұқтаж жесірлерге көмектесе алады.
Қауым жетекшілері туралы қосымша нұсқаулар
17Қауымды жақсы басқаратын жетекшілер, әсіресе Құдай сөзін уағыздап, үйретуге еңбегі сіңгендер, ерекше құрмет пен қамқорлыққа лайық. 18Себебі Киелі жазбаларда былай делінген: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума». Және: «Еңбек еткен ақысын алуға лайық».#5:18 Заң 25:4; Лұқ 10:7.
19Қауым жетекшілері айыпталғанда, ең аз дегенде екі-үш куәгер болмаса, соған құлақ аспа. 20Басқаларды да сақтандыру үшін күнә жасаушыларға бәрінің алдында сөгіс бер.
21Құдайдың, Иса Мәсіхтің және Оның таңдаулы періштелерінің алдарында саған мықтап ескертемін: осы нұсқауларды алаламай орында, еш нәрсені де біржақтылықпен істеме!
22Адамдардың үстеріне қол қойып батаңды беруде асығыстық жасама!#5:22 Яғни не кісілерді қауымдағы қызметке тағайындамас бұрын, не күнә жасағандарды қайтадан қауымға қабылдамас бұрын, олардың өздерін іс жүзінде көрсетулеріне уақыт бер! Әйтпесе олардың күнәларына сен де жауапты боласың.#5:22 Немесе: Басқалардың күнәларына ортақтаспа. Өзіңді пәк таза ұста.
23Айтпақшы, әлсіз асқазаныңа және жиі сырқаттануыңа бола бұдан былай тек су ғана ішпей, аздап шарап та іш.#5:23 Еф 5:18; Нқл 23:20,29-33; 25:16.
24Кейбір адамдардың күнәлары көзге айқын көрініп, оларды тікелей айыпталуға бастайды. Ал басқаларынікі кейінірек қана әшкереленеді. 25Сол сияқты, кейбіреулердің игі істері де айқын көрінеді. Ал ашық білінбейтін іс-әрекеттер де жасырын қала алмайды.#5:25 Мат 5:14-16.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Videos for Тімотеге 1-хат 5