Қорынттықт. 1-хат 12
12
Құдайдың Рухы қауымға сыйлайтын алуан түрлі дарындар
1Енді рухани дарындарға тоқталайын, қымбатты бауырластар, сендердің бұларды дұрыс түсінбегендеріңді қаламаймын. 2Өздерің білесіңдер: әлі де Құдайға мойынсұнбаған кездеріңде сендерді біреу жетелегендей, үндемейтін «тәңір» бейнелеріне құлшылық етудің әр түрлі жолдарымен азғырылдыңдар. 3Сондықтан сендерге айтамын: Құдайдың Рухына кенелген ешбір адам «Исаны қарғыс атсын» дей алмайды, әрі Киелі Рухтың жетелеуінсіз ешкім де «Иса — Жаратқан Ие» деп шын жүректен мойындай алмайды.#12:3 Флп 2:11.
4Алуан түрлі дарындар бар, бірақ оларды сыйлайтын Киелі Рух Біреу-ақ. 5Түрлі қызметтер де бар, ал біздің қызмет ететін Тәңір Иеміз Біреу. 6Әрекеттер де алуан түрлі, бірақ олар арқылы сендердің барлығыңда әрекет ететін Құдай Біреу. 7Ол өз Рухының өмірлеріңде бар екенін әрқайсыңа бәрінің игілігі үшін көрсетеді. 8Кейбіреуге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі. 9Киелі Рух кейбіреуге ерекше сенім дарытса, сол Рух тағы біреуге сауықтыру дарынын береді. 10Ол біреуге кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде#12:10 Яки: ешқашан үйренбеген түрлі тілдерде (12:28,30; 13:1; 14:2,4,6). сөйлеуді, ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. 11Бұлардың бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді.
Қауым: көп мүшеден тұратын біртұтас рухани дене
12Көптеген мүшелері болса да адамның денесі біреу, әрі мүшелері қаншама көп болғанмен тұтас бір денені құрайды: Мәсіхтің рухани денесімен де дәл солай. 13Себебі яһуди не басқа ұлттың адамы, құл немесе ерікті болайық, бәріміз бір Киелі Рух арқылы біртұтас рухани денеге енгізілдік.#12:13 Немесе: бәріміз шомылдыру рәсімінен өтіп, бір Киелі Рух арқылы біртұтас рухани денеге (яғни сенушілер қауымына) енгізілдік (Мат 3:11; Жох 3:3,5; Елш 1:5; 2:41; Қол 1:18). Барлығымыз да сол бір Киелі Рухқа кенелдік.#12:13 Немесе: Барлығымызға да сол бір Киелі Рухтан ішуге берілді (Жох 7:37-39).
14Дене бір ғана емес, көп мүшелерден тұрады. 15Егер аяқ: «мен қол еместіктен денеге жатпаймын» десе, ол бәрібір оған жатпай ма? 16Әлде құлақ: «мен көз еместіктен дененің мүшесі емеспін» десе, ол бәрібір сондай емес пе? 17Егер бүкіл дене көз болса, онда ол қалай ести алар еді? Яки бүкіл дене есту сезімінен тұрса, қалай иіс сезе алар еді? 18Іс жүзінде Құдай дене мүшелерінің әрқайсысын Өзінің қалауы бойынша орналастырған. 19Барлығы бір-ақ мүше болса, дене болмас еді. 20Шынында көп мүшелері бар, бірақ дене біреу.
21Сондықтан көз қолға: «Маған керегің жоқ» дей алмайды; бастың да аяққа: «Маған қажетсізсің» деуі мүмкін емес. 22Керісінше, дененің әлсіздеу болып көрінетін мүшелері өте қажет. 23Азырақ құрметті деп санаған мүшелерімізді көбірек қамқорлап, 24көріксіз мүшелерімізді ерекше назармен жауып қоямыз. Ал көріктілеріне соның қажеті де жоқ.
Осылай Құдай денені құрметі аздау мүшелерін көбірек қамқорлайтындай етіп құрастырды. 25Ондағы мақсаты: денеде жікке бөліну болмай, бүкіл мүшелері өзара бірдей қамқорлық көрсетсін дегені. 26Сондықтан бір мүше ауырса, бәрі бірге ауырады, бір мүше дәріптелсе, соған барлығы да қуанады.
27Сонымен сендер бірігіп Мәсіхтің рухани денесі, ал жеке дара оның бір мүшесісіңдер. 28Құдай қауымда кейбіреулерді, біріншіден, елшілер, екіншіден, Өзінің хабарын жеткізушілер, үшіншіден, тәлім берушілер#12:28 Яки: екіншіден, пайғамбарлар (14:3; Еф 2:20; 3:5), үшіншіден, ұстаздар (12:29; Елш 13:1). етіп қойды; Ол, сондай-ақ, кейбіреулерге кереметтер жасайтын құдірет, әрі ауруларды сауықтыратын, көмек көрсететін, ұйымдастырып басқаратын және түрлі бөтен тілдерде сөйлейтін дарындар да сыйлады. 29Бәрі бірдей елші, Құдайдың хабарын жеткізуші, тәлім беруші немесе керемет істер жасаушы ма? 30Барлығының ауруларды сауықтыратын дарыны бар ма? Бәрі де бөтен тілдерде сөйлеп, немесе айтылғандарды түсіндіріп жүр ме? Жоқ. 31Ал сендер бәрің де ең пайдалы дарындарға ие болуға ұмтылыңдар!#12:31 Немесе: ие болуға ұмтылудасыңдар.
Енді мен барлығынан да асып түсетін жолды көрсетемін:
Currently Selected:
Қорынттықт. 1-хат 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.