Амос 7

7
Шегірткелер, от және тіктеуіш жіптің көріністері
1Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі#7:1 Яки: мына аянды (1:1; 7:4,7; 8:1; Ерм 24:1; Зәк 1:20). көрсетті: Ол шегіртке үйірлерін жасап шығарды. Бұл патшаның өнімі жиналып болып, одан кейінгі өнім көктеп шыға бастаған кезде болды. 2Шегірткелер бүкіл елдегі көкті жеп қойғанда мен:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, бізді кешіре гөр! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым.
3Сонда Жаратқан Ие райынан қайтып:
— Жарайды, бұлай істемеймін! — деп шешті.
4Содан соң Жаратушы Тәңір Ие маған мына көріністі көрсетті: Тәңір Ие елді жазалау үшін от лаулатты. Сол от үлкен де терең теңізді және елдегі егістіктерді жалмап қойды. 5Сонда мен:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, тоқтата көрші! Жақыптың үрім-бұтағы бұған қалайша шыдасын? Біз сондай кішкентай ғана елміз ғой! — деп жалбарындым. 6Сонда Жаратқан Ие райынан қайтты.
— Жарайды, бұлай да істемеймін! — деп шешті Жаратушы Тәңір Ие.
7Ол маған тағы мына көріністі көрсетті: Жасаған Ие бір тік қабырғаның жанында тұр екен. Қолында тік бағытты көрсететін, ұшына бір кесек қорғасын байланған тіктеуіш жіп бар еді.#7:7 Демек, халық енді өлшеніп, құртылуға дайындалмақ (7:8-9; Пат4 21:13; Иш 28:17; 34:11; Жоқ 2:8). 8Жаратқан Ие менен:
— Не көріп тұрсың, Амос? — деп сұрады. Мен:
— Тіктеуіш жіпті, — дедім. Сонда Жасаған Ие маған тіл қатып былай деді:
— Мен тіктеуіш жіпті өз халқым Исраилдің ортасына орнатамын. Бұдан былай Мен олардың күнәларына шыдамдылық көрсетпеймін! 9Ысқақтың#7:9 (3:14; 5:5; 8:14; Пат4 15:8-10.) Ысқақ: Исраил халқының түп атасы Жақыптың әкесі (Жар 25:26; 27:30; 32:28). үрім-бұтағының биіктеу жерлердегі табыну орындары қаңырап бос қалады, Исраил елінің киелі табыну орындары#7:9 7:13; Леу 26:31. ойрандалады! Сонда Мен семсермен Еробоғам#7:9 7:11; Пат4 15:8-10. патшаның әулетіне қарсы шығамын!
Дінбасы Амасияхтың пайғамбарға қарсы шығуы
10Ал Бетелдегі табыну орнының діни қызметкері Амасиях Солтүстік Исраилдің патшасы Еробоғамға#7:10 1:1; 7:9,11; Пат4 14:23. мынадай хабар жіберді:
— Амос Солтүстік Исраил халқының дәл ортасында сізге қарсы үгіт жүргізіп жатыр! Біздің еліміз оның айтқан барлық сөздеріне төзе алмайды. 11Өйткені Амос: «Еробоғам семсерден қаза тауып, Исраил халқы еш шүбәсіз өз елінен жер аударылады!» деп жүр.
12Мұнан кейін Амасиях Амосқа былай деді:
— Ей, көріпкел,#7:12 Яки: (аян көретін) пайғамбар (Пат1 9:9). бар! Яһуда еліне қашып кет! Наныңды сонда тауып же, пайғамбарлық сөзіңді сол жерде айт! 13Ендігәрі Бетелде#7:13 7:9; Пат3 12:29,32; 13:1. пайғамбарлық сөз айтушы болма! Бетел — патшаның сиынатын киелі жері әрі бүкіл патшалықтың құлшылық ететін үйі! — 14Бірақ Амос Амасияхқа былай деп жауап берді:
— Мен жай пайғамбар емеспін, пайғамбардың шәкірті#7:14 Пат4 2:3; 6:1. де болған емеспін. Мен мал бағып, тұт ағаштарын#7:14 Пат3 10:27; Шеж1 27:28; Шеж2 9:27; Жыр 77:47. өсіріп, жемістерін жинаумен айналысатынмын. 15Ал Жаратқан Ие мені отардың соңынан шақырып алып, «Барып, халқым Исраилге Менің хабарымды жеткіз!» деп тапсырма берді. 16Ал енді, Жаратқан Иенің сөзін тыңда! Сен Маған: «Солтүстік Исраилге қарсы пайғамбарлық сөз айтпа! Ысқақтың үрім-бұтағына қарсы сөйлеме!» дейсің. 17Сол үшін Жаратқан Ие саған мынаны айтады: «Сенің әйелің қалада жезөкше болып, ұл-қыздарың семсерден қаза табады. Жеріңді басқалар өлшеуіш жіппен өлшеп бөлісіп алады. Ал сен өзің болсаң, жат жерде өлесің. Солтүстік Исраилдің бүкіл халқы өз елінен жер аударылып кетеді!»

Kleurmerk

Deel

Kopieer

None

Wil jy jou kleurmerke oor al jou toestelle gestoor hê? Teken in of teken aan